{metadescription}
ОСК: Тұрғылықты мекенжайда тіркелмегендер де дауыс бере алады
ОСК: Тұрғылықты мекенжайда тіркелмегендер де дауыс бере алады

ОСК: Тұрғылықты мекенжайда тіркелмегендер де дауыс бере алады

Орталық сайлау комиссиясы әр өңірде көшпелі семинар өткізіп жатыр. Осылайша аумақтық дауыс беру учаскелерінің дайындығын пысықтап, комиссия мүшелері сайлау өткізудің барысын да түсіндіруде. 

Семинарға жергілікті атқарушы орган өкілдерінен бастап, халықаралық байқаушылар да қатысты. Олар саяси аламан кезінде қойылатын басты талаптар мен қажет ететін  ережелерді жіті түсіндіріп жүр.

Астанадағы 407 учаске сайлаушы қабылдауға дайын. Өткен сайлаумен салыстырғанда, 59 жаңа учаске ашылған. Өйткені жыл сайын халық саны артып келеді. Бүгінге дейін 800 мыңға жуық елордалық өзінің сайлауға келетінін растап, сайлаушы ретінде тіркелген. Осы жылдың тағы бір жаңалығы: егер азамат өзін сайлаушылар тізімінен таппаса, оған 20 қарашада  мамандар көмектесіп, өзінің нақты тіркеу орнын табуға көмектеседі. Тұрғылықты мекенжайда тіркеуі жоқ адамдарға да дауыс беру мүмкіндігі берілмек. 

Бақыт Бектемісова, Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Халықаралық байқаушылар келіп, байқап, танысып жүр. Қандай жүйе, өздерімен салыстырып. Жалпы халықаралық деңгейге, талаптарға сәйкес пе, сәйкес емес пе дегендей. Олардың тарапынан бізге еш наразылық білдірілген жоқ. Бәрі өз деңгейінде деп жақсы баға беріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде