{metadescription}
Алаяқ сенің атыңнан несие алса, не істеу керек?
Алаяқ сенің атыңнан несие алса, не істеу керек?

Алаяқ сенің атыңнан несие алса, не істеу керек?

Елде телефон арқылы алаяқтарға алданғандар азаймай тұр. Өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, несие алдыртып, артынан жоқ болғандарға арыз жазылғанмен, оның ізін табу қиын. Екі арада банк жәбірленушіден несие өтеуді талап өтеді. Сот шешімі шыққанға дейін төлемді тоқтатуға бола ма? Бұл жағдайда не істеу керек?

Ерлі-зайыпты Александр мен Виктория Марчевскийлер алаяқтардың қақпанына былтыр жазда түсті. Үй алуға деп депозитінде сақтаған 6 миллион теңгесі болған. Бір күні; «сіздің атыңыздан әлдекім несие алмақ, шұғыл басқа шотқа аудару керек» деп, өзін банк қызметкерімін деп таныстырғанның әрекеті ә дегеннен күдік тудырмапты. Жеке мәліметін айтқан соң, сеніп қалған. Депозиттегіні аудартып қоймай, олардан жалпы сомасы 11 миллион болатын бес кредитті «қауіптің алдын алу» дегенді желеу етіп рәсімдеткен-міс. Өздерінің опық жегенін кеш түсінген.

Виктория Марчевская:

- Депозиттегі 6 миллион теңгеден астам ақша Ресей мен Украина банктерінің есепшотына аударылғаны анықталды. Полиция бізге банктерді азаматтық іс бойынша сотқа беріңіз деді. Прокуратура да солай айтты. Бірақ еш нәтиже шықпады. Талапарызымызды қайтарып тастады. Заң тұрғысынан бәрі дұрыс рәсімделгенін алға тартты. Ісіміз әлі сотқа жетпей жатыр. Полиция кінәлілерді таба алмай жүр.

Қала прокуратурасы сотқа дейін төлемді тоқтата тұру туралы банкке қаулы шығарғанмен, оны пысқырмай отыр дейді. Шоттары бұғатталған. Заңгер Ғабит Өмірбек те банктер құзырлы органдардың талабын елеуден қалғанын айтады. Сот шешімі шықпайынша, несиені өндіруге заңдық тұрғыда құқығы жоқ бола тұра, заңды белшесінен басуын былайша түсіндіреді.

Ғабит Өмірбек, заңгер:

- Банк 100 пайыз ондай шешімге көбінесе кері жауап қайтармайды. Қабылдамайды. Өйткені қазір мұндай жағдай көбейіп кеткен. Банк бәрін қабылдамай жатыр. Ол кісі де қазір прокуратура қаулысымен банк елемесе, басшылыққа алмаса, тергеушінің анықтамасын басшылыққа алмаса, дереу сотқа арыз жазуы керек. Бірақ,  өкініштісі, тәжірибемде, өзімде де ондай талай болған. Сот көбінесе банкке жақтасады. Өйткені қазіргі заманда бәріне интернет арқылы хабарлама келіп жатыр. Және одан бөлек 1414-тен хабарлама келеді. Банкке дереу хабарласыңыз деп қаншама ескерту жасалса да, қарапайым халық бәрібір алаяқтардың құрбаны болып жаыр.

Банк пен сотқа жүгініп опа таппағандарға қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үмітін үзбесін дейді. Сот аяқталмайынша төлемді кейінге шегеру туралы талап-шағымын қайтарған жағдайда агенттік атына арыз жазса, олар бұл жағдайға араласады.

Дмитрий Акмаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің өкілі:

- Біз, бірінші кезекте қаржы ұйымының жұмысын тексереміз. Несиені беру кезінде заңбұзу болғанболмағанын анықтау маңызды. Алаяқтықпен алынған несиелердің көбі онлайн рәсімделеді. Жәбірленуші өзінің алданғанын толық растай алса, несиесін толық кешіруі де мүмкін. Бірақ әр жайт жеке жеке қарастырылады. Біздің міндетіміз қаржы ұйымдарымен хабарласып, жағдайды анықтау арқылы клиентке көмектесу.

Александр мен Викторияда қазір жалғыз амал бар. Агенттік атына арыздану. Аңғалдығынан алданғандар бұл тығырықтан шығудың бір жолы бар екеніне сенгісі келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде