Риддерде үйлерге жылу беріле бастады
Риддердегі үйлерге жылу беріле бастады. Жылыту қазандығы жөнделіп, қаладағы мектептер мен балабақшалар да қайта жұмысын бастады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.11.2022
Осыдан он күн бұрын Риддердегі жылу электр орталығында апат болып, 22 мың абонент жылусыз қалған. Тіпті шаһардағы мектептер 11 қарашаға дейін қашықтан оқытылып, балабақшалар уақытша жұмысын тоқтатқан-ды. Осыдан кейін жедел штаб құрылып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Дегенмен істен шыққан қазандық толық қалпына келтірілген жоқ. Онда автоматтандыру бойынша жөндеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан шағын шаһарда төтенше жағдай режимі сақталады. Ал мектеп оқушыларына сабақ 30 минутқа және үзіліс уақыты бес минутқа дейін қысқартылған.
Бұлбұл Қозыбаева, ШҚО Білім басқармасының бөлім басшысы:
- Балалар 30 минуттық қысқартылған тәртіпте оқып жатыр. Өйткені мектеп кабинеттерінде температура әлі төмен. Ертеңнен бастап балалар 45 минуттан оқитын болады. Қазір бөлме температурасы санитарлық нормаға сай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!