Үйінде жасырын цех ашып, алтын өңдеумен айналысқан – Жамбыл облысы
Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдеумен айналысқан азамат ұсталды. Мойынқұм ауданының тұрғыны үйінде жасырын жерасты цехын ашып, көлеңкелі кәсіппен айналысқан.
Автор: Руслан Әбдіхалық
15.11.2022
Осылайша ол алтын шығаруды отбасы кәсібіне айналдырған. Мұнда бағалы металл өндіруге арналған керек-жарақтың бәрі бар: қазандық, диірмен, тас уатқыш пен елек. Бәрі жұмыс істеп тұр. Оларды күдікті қолдан жасап алған. 37 жастағы жергілікті тұрғынның кәсібі қалай әшкере болғаны белгісіз. Және аталмыш іспен қанша уақыттан бері айналысқаны, өндірілген алтынды қайда өткізіп келгені де айтылмады. Қазір мемлекетке келтірілген шығын есептеліп жатыр. Ал жерасты цехынан құрамында алтыны бар 10 тонна құм-тас табылған.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны – 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 2951-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!