{metadescription}
Енді Маңғыстау облысындағы әр мектеп прокурорлардың қатаң бақылауында
Енді Маңғыстау облысындағы әр мектеп прокурорлардың қатаң бақылауында

Енді Маңғыстау облысындағы әр мектеп прокурорлардың қатаң бақылауында

Маңғыстау облысындағы әр мектеп енді прокурорлардың қатаң бақылауында болады. Бұл оқушылардың қауіпсіздігі үшін жүзеге асырылған жоба. Прокурорлар учаскелік полицейлер сияқты мектептің тәртібі мен кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды.

Жоба Маңғыстау облысында алғаш рет қолға алынып отыр. Қадағалаушы орган өкілдері осылай кәмелетке толмағандардың құқықтық сауатын арттырып, жасөспірімдер қылмысын азайтуға септігін тигізбек. Өңірде мектеп саны көп болғандықтан, бір прокурор екі-үш мектепке бекітілген. Олар енді білім ошағы басшылығымен және оқушылармен түсіндірме жиындар өткізіп, балалардың тәртібін қадағалауға үлесін қосады.

Жалпы жыл басынан бері Маңғыстау облысында кәмелетке толмағандар 45 қылмыс жасаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп.

Мерген Меңдіғалиев, Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма басшысы:

- Қылмыстық құқықбұзушылық көп орын алатын Ақтау қаласында, Мұнайлы ауданының екі мектебінде ауқымды шара өткіздік. Балалармен, атааналармен кездестік. Жалпы заңнама талаптары, онда көрсетілген жауапкершілік және де олардың салдары бойынша нақты, қарапайым тілде түсіндіру жүргіздік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде