Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Түркістан облысы және Шымкент тұрғындарымен кездесті
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті.
Автор: Елдос Есенбол
16.11.2022
Рухани астанада өткен жүздесуде 300-ден астам адам жиналған. Жиында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе ауылдың әлеуетін арттыруға арналған бөлігі ерекше талқыланды. Бұдан кейін республикалық штаб мүшлері жергілікті жылыжайда болды. Әрмен қарай жаңадан салынып жатқан Мұз сарайының құрылысын бақылап, жұмысшылармен тілдесті.
Ал Шымкенте ақсақалдармен және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде кандидат Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы талқыланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары