Көктайғақтағы жол апатынан төрт адам жан тапсырды – СҚО
Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақта екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Жол апатынан екі машинадағы төрт адам жан тапсырған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
16.11.2022
Астана- Петропавл тас жолындағы Рощинкское ауылы маңында апат таңғы сағат 6- лар шамасында болыпты. Жол талғамайтын Тойота мен Ауди жеңіл көлігі бетпе- бет келген көрінеді. Екі жүргізушінің де жасы 51-де екен. Көліктердің бірі Көкшетаудан, екіншісі Петропавлдан шыққан. Соққының қаттылығынан екі көліктің жүргізушілері мен Аудиде отырған 51 және 40 жастағы екі жолаушы да тілге келмей кетіпті. Полиция апатты тіркеуге алып, қай көліктің қарсы бағытқа шыққанын анықтауға кіріскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары