Синоптиктер: Жауын-шашын аязға ұласып, жел күшейеді
Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауа райы күрт құбылды. Қарағандыда қатты дауыл аялдамаларды құлатып, тіпті мектеп шатырын жұлып әкетті. Мұның алдында толассыз жауған жауын жібісіткен жерлер лезде қатып көктайғаққа айналды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
16.11.2022
Соның салдарынан жол көлік апаттары жиіледі. Орталықтан ойысқан қарлы боран Жамбыл облысына да жетті. Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында шауын-шашын аязға ұласып, жел қарқыны күшейеді деп отыр.
Қарлы боран мен көктайғақта Жезқазғанан Қарағандығы келе жатқан автобус аударылды. Салондағы 19 жолаушының үшеуі зардап шеккен. Ал бүгін Қарағандының өзі ақтүтекке оранды. Арты қарға ұласқан жаңбырдан кейінгі аяз жолдарды айнадай қылып жіберген. Қарағанды облысында дауыл ескертпелері кешелі бер жасалып жатыр. Әлсін әлсін жел қарқыны күшеюде. Оның қарқынына қаладағы бір мектептің шатыры шыдамады. Қайта дауыл көтерген жабынды мектептің адам қарасы жүрмейтін артқы ауласына түскен. Ғимаратты төтеншеліктер мен құрылысшылар қарап шыққан.
Мария Жакина, Қарағанды № 59 мектебінің директоры:
- Үшінші қабатты қызметкерлеріміз үнемі қадағалауда ұстайды. Шатырдың төрттен бір бөлігі, яғни 500 шаршы метрі жұлынған. Егер су ақса, балаларды басқа кабинеттерге ауыстырамыз. Басшылар шатырды жабу жұмысын барынша жылдамдатамыз деп отыр.
- Боран боп жатыр десем, сенбейді! Видео түсіріп жіберші дейді. Міне, бізде қармен күрес.
Кеше ғана жел жамбылдықтарды әуреге салып еді, бүгін қалың қар қыспаққа алды. Ақұлпаны көтерген бұрқасыннан Жуалы мен Күйік асуында ахуал қиындады. Ондағы күре жолды қар басып қалған. Көлік қозғалысы тежелген жоқ, дегенмен тәртіп сақшылары жолда абай болуды ескертеді. Мүмкіндік болса, алысқа сапарламауды сұрап отыр.
Астана да ақтүтекке оранып тұр. Ондағы коммуналдық қызмет түннен бері тыным таппай қар күреп жүр.
Қармен арпалысты Петропавл қаласы да бастап кетті. Әсіресе асты мұз боп жатқан жолдардың үстіндегі қарды деп кезінде алмаса, қозғалыс қиындайды.
Әсем Айтолова, Петропавл ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
- «Коммунхоз» таңғы бестен жұмыс істеп жатыр. Бірінші кезекте тротуарлар қардан тазартылып жатыр. Сонымен қатар жолаушылардың жерасы өткелдері мен аялдамларды қардан тазартып жатыр.
Ал синоптиктер ауа райының күрт құбылуына солтүстік бастыстан келетін антициклон әсер ететінін айтады. Сондықтан солтүстік, батыс және орталықта өңірдерде жауы-шашыннан кейін аяз болады. Осы аймақтарда ауа температурасы 22 градусқа дейін төмендейді. Оған еліміз алдағы күндері елдің барлық жерінде соғатын қатты жел қосылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!