Салтанат Тұрсынбекова Өскеменде экология мәселесін көтерді
Қазақстандағы ауасы ең лас 9 қаланың үшеуі еліміздің шығысында орналасқан. Өскемен жұртымен кездескен кандидат Салтанат Тұрсынбекова осы жолы өңірдегі экология мәселесін көтерді.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
16.11.2022
Үміткердің айтуынша, шығыста өнеркәсіптік өндіріс ошақтары көп. Соның салдарынан атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар да аз емес. Осылайша өңірдегі үш қаланың ауасы тым лас. Ол: Өскемен, Риддер және Алтай. Осы түйткілді Тұрсынбекова жергілікті экологтармен талқыға салды.
Бұдан кейін кандидат арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Онда қариялармен тілдесіп, алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!