{metadescription}
0:000:00
Астанада көпқабатты үйдегі өрттен құтқарушы жансақтау бөліміне түсті

Астанада көпқабатты үйдегі өрттен құтқарушы жансақтау бөліміне түсті

Құтқарамын деп, бір ажалдан аман қалды. Елордада көпқабатты үйдің пәтерінен шыққан өрт екі өрт сөндірушінің  өмірін жалмай жаздады. Оқыс оқиға бүгін таңғы 11 шамасында Момышұлы көшесінде болған.

Өрт шыққан мекенжайға құтқарушылар үш минутта жеткен. Келген бетте 15 қабатты тұрғын үйдің он үшінші қабатындағы қою түтінді байқаған. Дереу іске кіріскен өрт сөндірушілер бес адамды құтқарып үлгерген. Оның екеуі –   бала. Және тағы 10 адамды қауіпсіз жерге алып шыққан. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.Тілсіз жаумен күреске 20-дан астам төтенше жағдай қызметкері жұмылдырылыпты. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тек он жастағы бір бала түтінге уланып ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендердің арасында екі құтқарушы бар. Оның біреуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Аягөз Фазылова, Астана ТЖД ресми өкілі:

- Өрт орнына техника жеткізу қиын болды. Өйткені ол жерде автортұрақ болған. Қайғылы оқиға болмас үшін көлікті автотұрақта дұрыс қойсаңыздар деп ескертеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.