{metadescription}
Алматыда крематорий құрылысы тоқтап тұр
Алматыда крематорий құрылысы тоқтап тұр

Алматыда крематорий құрылысы тоқтап тұр

Алматыдағы крематорий биыл да ашылмайды. Жұмысы 80 пайыз аяқталған арнайы нысанның құрылысы қымбатшылыққа байланысты тоқтап тұр. Өйткені шенеуніктер сметаны жаңа бағамен қайта есептеуге тиіс.

Бұған дейін мәйітті күлге айналдыратын орынды салуға бюджеттен бір миллиард 750 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Еліміздегі өлген адамның мәйітін өртейтін алғашқы орын былтыр қыркүйекте ашылуға тиіс еді. Бірақ атқамінерлер арнайы мекеменің іске қосылуын бірнеше рет кейінге шегерумен жүр.

Нысан екінші жылу энергия орталығы маңында патологоанотомиялық бюро жанынан салынып жатыр. Ішінде екі пеш пен бір залы бар. Қазір арнайы мекемеге инженерлік желінің  80 пайызы орнатылған. Атқамінерлердің айтуынша, өткен жылдың екінші тоқсанында трансформаторлық қосалқы станциясының құны шарықтап, газ құбырының бағыты мен жалғау нүктесінің де бағасы өзгеріпті. Соған орай барлық құжат қайта жасалуға тиіс. Енді крематорий келер жылдың бірінші тоқсанында жұмыс істей бастайды деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.