{metadescription}
Жамбыл облысында қылмыстық топ жалған техпаспорт шығарып отырған
Жамбыл облысында қылмыстық топ жалған техпаспорт шығарып отырған

Жамбыл облысында қылмыстық топ жалған техпаспорт шығарып отырған

Жамбыл облысында жалған құжат істеумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Екі жергілікті тұрғын көліктің техникалық паспортын басып шығаруды кәсіп қылыпты.

Осы іс бойынша екі кісі құрықталды. Біреуі Шу ауданы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысшысы болса, екінші сол мекеменің бұрынғы маманы болып шықты. Соңғысы клиент табу, келісу сынды делдал міндетін атқарса керек. Ал әр құжатты әзірлеу құны 150 мың теңгеге бағаланған. Тексергенк езде 41 техпаспорт және осы тектес құжаттарды  басып шығаруға арналған 500 дана пластикалық карта тәркіленген. Бір күдіктінің атында сегіз бірдей банк картасы болыпты. Аталмыш дерекке қатысты тергеу басталды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:

- ҚР ҚК 385-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Істің басқа да жағдайлары анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.