{metadescription}
2029 жылға дейінгі еліміздің даму қарқынына болжам жасалды
2029 жылға дейінгі еліміздің даму қарқынына болжам жасалды

2029 жылға дейінгі еліміздің даму қарқынына болжам жасалды

Жеті жылдан кейінгі Қазақстан. Бүгін Астанада сарапшылар мен шенеуніктер бас қосып, 2029 жылға дейінгі еліміздің даму қарқынына болжам жасады. Қазір қоғам өзгерді, геосаяси ахуал да бұрынғыдай емес. Сол себепті де бізге тың идеялар мен реформалар қажет дейді ұйымдастырушылар.

Тимур Сүлейменов, Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары:

- Мұның бәрі тек комбинация, бастама. Яғни біз жоспарды дұрыс жасай білуіміз керек, Ең бастысыіске асыру, ал оны тек мемлекет жүзеге асыра алмайды, тек президент, үкімет, әкімдер ғана жүзеге асыра алмайды. Бәріміз бірге жүзеге асырамыз.

Форумға алыс-жақыннан жиналған қатысушылар 2029 жылғы Қазақстанды болжауға тырысып бақты. Мәселен, цифрландыру министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 65-інші орында, ал онлайн қызмет көрсетуден әлемде 8-інші орында. «Бізге позицияға емес, даму үрдісіне басымдық беру керек», - дейді министр. Сондай-ақ ол 2029 жылға дейін денсаулық саласы түбегейлі сандық жүйеге көшетініне сенімді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, бүгін айтылған тың идеялар, қолданыстағы реформаларды түбегейлі доғарып тастаймыз дегенді бідірмейді. Тек уақыт сынынан өткен тиімді реформаларды сақтай отырып, кемшін тұсын біртіндеп жоюдан басталуы керек деген пікірде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.