{metadescription}
14 жүк вагоны жолдан шығып, теміржол қозғалысы тұралады – Қарағанды облысы
14 жүк вагоны жолдан шығып, теміржол қозғалысы тұралады – Қарағанды облысы

14 жүк вагоны жолдан шығып, теміржол қозғалысы тұралады – Қарағанды облысы

Қарағанды облысында 14 жүк вагоны шойын жолдан шығып кетіп, теміржол қозғалысы тұралады. Діттеген жеріне жете алмаған жолаушылар автобуспен Қарағандыға тасымалданып жатыр. Жолда қалғандар енді Қарағандыдан Астанаға жеткізіледі.

Ал апат болған аумақта үш арнайы пойыз жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр. Бірақ "Қазақстан темір жолы" компаниясы шойын жолдардың қашан ашылатынын айта алмай отыр.

Таңғы сағат алтыдан кете Қарабас кенті мыңында жүк пойызының вагондары шойын жолдан шығып кеткен. Ағаш тиелген бес вагон тіпті аударылып жатыр. «Қазақстан темір жолы» компаниясы вагондардың өзіне тиесілі емес екенін айтады. Осы апаттың кесірінен темір жол қатынасы толық тұралады. Олардың арасында жеті жолаушы пойызы бар. Таңнан бері айдаладағы вагонда қамалғандар Қарағандыға жеткізіліп жатыр.

- Сағат алтыларда ұйқыда жатқанбыз. Оянған кезде біздің келе жатқан пойызымыз тоқтап тұрды. Жолда біраз ақау болды деді. Бес сағат күттік. Балалар болды, біз бармыз.

- Сағат алтыда келуіміз керек еді, екі сағат жолда тұрдық, одан Құлагер станциясына апарды. Сол жерде сағат 11 жарымға дейін үш сағат тұрдық. Енді, мінеки, автобуспен алып келді, рахмет!. Енді электричкаға отығызып жатыр.

Қарағанды вокзалында таңнан бері қарбалас. Жол жүруге жиналған жұрттың пойызы келмей, халық ғимарат ішінде сеңдей соғылысып жүр.

Нұрбек Сартбайұлы, жолаушы:

- Біз таңғы сағат жетіден вокзалда тосып отырмыз. Алматы Орал бағытындағы пойыз. Ақтөбеге жол жүрмекші едік. Содан бері алты сағат кетті. Бір сағат, бір сағат деп, соны тосып отырмыз. Үлкен кісілер бар бара жатқан, сол кісілер шаршады.

Вокзал басшылары Қарабасқа жақын жерде тоқтаған пойыз жолаушылары 60 шақырымдағы Қарағандыға жеткізіліп жатыр дейді. 11 автобус түстен бері 1000-нан астам адамды әкелген. Оның көбі астанаға электр пойызы арқылы кетіп жатыр.

Шерхан Несіпбек, Қарағанды теміржол вокзалының бастығы:

- Астанаға дейін баратын жолаушыларға жеке электр пойыз ұйымдастырылып, барлық жолаушылар сол жерге отырғызылып жатыр. Барлық билеті бар жолаушылар тегін жететін жерлеріне дейін жеткізіледі. Билетін қайтарам деген жолаушыларға барлық кассалар жұмыс жасап жатыр. Қосымша кассаға да жұмыскерлер қостық.

Апат орнында қазір арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Бірақ жолдың қашан ашылатынын ешкім айта алмады. Сондықтан жолаушыларды автобуспен тасымалдау тоқтамайды. Ал көлік полициясы «теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде