{metadescription}
Боранда адасқандар аман табылды – Жамбыл облысы
Боранда адасқандар аман табылды – Жамбыл облысы

Боранда адасқандар аман табылды – Жамбыл облысы

Бірнеше сағат кешіккенде, жанармайы таусылып үсіп қалуы мүмкін еді. Жамбыл облысында боранда адасып кеткен үш адам дін аман табылды. Олар бір тәуліктен кейін үйіне оралды.

Жуалы ауданы Шымбұлақ ауылының үш тұрғыны елдімекеннен 15 шақырым жердегі таулы аймақта трактормен жұмыс істеуге барыпты. Кенет қар жауып жолды басып қалған. Қалыңдығы бір метрден асқан ақұлпа мен бұрқасын техниканы мүлдем жүргізбей тастаған. Қайтар жол іздейміз деп, ақыры адасып қалыпты. Артынша төтеншеліктерге хабар түскен. Құтқарушылар Трекол арнайы техникасымен шықса да, ауа райы қолайсыздығынан түнімен іздеп таппаған. Тек ертесіне бір-ақ адасқандардың тұрған жерін анықтады. Олар ауылдан 40 шақырымға ұзап кетіпті. Үш адам тәулік бойы тапжылмай, қарға батқан тарактордың ішінде отырыпты.

Кеңесбек Әбдірайымов, Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

- Өз үйіне жеткізілді. Ол кісілердің жағдайы жақсы. Медициналық көмектен бас тартты. Және түнімен жаурап, шаршап, қалжыраған. Бірақ денсаулықтары жақсы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде