Жұмыртқа тағы қымбаттады
Жұмыртқаның бағасы тағы қымбаттады. Энерджипром сарапшыларының мәліметінше, құны бір жылда 15 пайызға көтерілсе, өткен айда 6 пайызға өскен.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
18.11.2022
Ең қымбат жұмыртқа Ұлытау облысында. Мұнда құс өнімінің құны бір айда 20 пайызға бір көтерілген. Ал Павлодар облысында 15 пайызға, Қызылорда облысында 13 пайызға өскен. Алматыда да баға сол шамалас. Қазір қаладағы кейбір дүкендерде он дана жұмыртқа 630 теңгенің төңірегінде саудаланып жатыр. Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы жылда осы мезгілде қымбаттайды дейді. Яғни күзде сұраныс көп болған соң, бағасы да көтеріледі.
Дархан Ғаниев, сатушы:
- Қазір жұмыртқаның бағасы 64-63 теңге көлемінде. Келетін бағасы 52-55 теңге. Былтыр шамамен 45-44 теңгенің арасында болған еді. Сатылатын баға ары кетсе, 50 теңге. Ковидтан кейін, жаздан кейін жұмыртқа тез қымбаттай бастады да, екі-үш айда қалыпты бағаға көтеріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!