{metadescription}
Жылу электр орталығында жаңа газ турбинасы іске қосылады – Ақтөбе
Жылу электр орталығында жаңа газ турбинасы іске қосылады – Ақтөбе

Жылу электр орталығында жаңа газ турбинасы іске қосылады – Ақтөбе

Ақтөбе жылу электр орталығында жаңа газ турбинасы іске қосылады. Орталықты модернизациялауға бағытталған ауқымды жобаның құрылысы бір жыл бұрын басталған. Мамандар аталған қондырғы өңірдегі электр жетіспеуін жартылай жабады деп отыр.

Ақтөбе облысы тұтынатын 7 миллиард киловатт электр энергиясының 3 миллиарды Экібастұз бен Қостанайдан келеді. Бұл өз кезегінде тариф бағасына кері әсер етуде. Орталыққа жаңа қондырғы орнату меселесі Үкіметтен қолдау тауып, аталған жобаға Еуразия даму банкі 21 миллиард теңге несие берген. Оған газ турбина қондырғысы алынып, енді 175 мегаватт қуат өндіріледі деп жоспарланып отыр. Осы арқылы энергия тасымалдау көлемі азаяды. Сондай-ақ өңірді жылумен қамтуда да оң өзгеріс болады дейді. Орталықта 40 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Электроэнергия осы өңірде өндіріліп, халыққа, мекемелерге таратылады. Жақсы жоба деп есептейміз. Станциялардың жағдайы, өзіңіз көріп жатқандай, жаңарту сияқты көп мәселені шешу керек. Бұл жақсы жоба деп есептеп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.