Сайлау: Тергеудегілер де дауыс беруге құқылы
Тергеудегілер де дауыс беруге құқылы. Еліміз бойынша бұл санатқа кіретін 5 мыңнан аса азамат бар. Олардың бәріне дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
20.11.2022
Қазақстандағы 16 тергеу изоляторында сайлау уческілері жұмыс істеп тұр. Соның бірі Пертопавлдағы уақытша ұстау мекемесі. Мұндағы сайлау уческесі таңғы 7-де жұмысын бастаған. Ең бірінші келген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды. Заң бойынша сот үкімі әлі шықпаған немесе заңды күшіне енбеген және жасы 18 толған жандар ғана таңдау жасауға құқылы. Бұл тергеу қапасында 250 күдікті болса, соның тек 178-і ғана дауыс бере алады. Бәрі түске дейін таңдауын жасап үлгерді. Ал изолятор басшылығы қамауда жатқандардың көңіл күйін көтеруді де ұмытпаған. Барлық дауыс берген азаматтарға бүгін мерекелік дастарқан әзірлемек.
Еркін Көпжасаров, №66 түзету мекемесі бастығының міндетін атқарушы:
- Сайлауға қатысты мерекелік ас беріледі. Түскі ас.
- Қалғаны неге дауыс бермеді?
- Өйткені ол кісілердің үкімі күшіне енген, сондықтан ол сотталғандардың дауыс беруге құқығы жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!