{metadescription}
0:000:00
Телемарафон: Халықтың әлеуметтік жағдайын теңестіру мүмкін бе?

Телемарафон: Халықтың әлеуметтік жағдайын теңестіру мүмкін бе?

«Біздің ел – біздің таңдау!». Осындай атаумен Астанада президент сайлауына орай ауқымды телемарафон өтіп жатыр. Таңғы 9-да басталған шара түнгі 1-ге дейін 16 сағат бойы үздіксіз онлайн ақпарат таратады.

Таңсәріде басталған телемарафон қас қарайғанша жалғасты. Мұнда саяси науқан ғана емес, мерекелік көңіл күйді көріп отырғандаймыз. Марафонның бір ерекшелігі, бір алаңда медиа өкілдерімен қатар өнер жұлдыздары, спортшылардың басы қосылған.

Ән мен биден бөлек, саясаттанушылар мен сарапшылардың сөз сайысы бүгінгі шараның көрігін қыздыруда. Мәселен, осындай пікірталастардың бірінде елдегі миллиондаған халықтың әлеуметтік жағдайын теңестіру мүмкін бе деген мәселе қаузалды.

Исламбек Салжанов, кәсіпкер:

- Мүмкін. Қарапайым халыққа не керек? Бірінші жұмыс керек. Тұрақты жұмыс. Ол тұрақты жұмысты беретін  кәсіпкерлер. Қазақ еліне, шетелден инвестиция тартатын кімдер? Ол да кәсіпкерлер. Сол себептен, әр өңірде кәсіпкерлікті дамытсақ, әр өңір мықты болады деген ойдамын.

Марафонға қатысушылардың арасында жастар жағы басым. Жалпы, қай-қайсын сөзге тартсақ та, жылдан-жылға ел азаматтарының саяси сауаты артып келе жатыр деген пайымда. Бүгінгі жас толқын үшін басты құндылықтар қандай? Осы туралы да орамды ойлар да айтылды.

Жансая Мұратбекова, блогер:

- Менің даусым не шешеді деп емес, оның дауысының өзі біраз нәрсені шешеді. Бұрыңғыдай тасада тығылып қалып отырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондықтан бұған өзімнің болашағым қандай болады деп қарап, дауыс беру керек.

Марафон түнгі сағат бірге дейін жалғасады. Әр сағат сайын сайлаушылардың белсенділігі туралы ақпараттар да айтылуда.

Марафон тізгінін ұстаған 27 тележургізінің қатарында КТК жаңалықтарын жүргізуші Мәдина Балғабаева да бар.

Мәдина Балғабаева, тележүргізуші:

- Әр адамның дауысы өте маңызды. Өте керек нәрсе. Менің ойымша, бұл біздің болашақ, Қазақстанның болашағы үшін өте маңызы зор нәрсе. Және бұл жерде ақпарат саласының қосып жатқан үлесі маңызды. Сондықтан әр қазақстандық үшін бұл біздің азаматтық борышымыз.

Сағат 20:00-де сайлау учаскелері жабылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде