Балқашта некесін қидырған жас жұбайлар дауыс берді
Балқашта бүгін ғана некесін қидырған жас жұбайлар дауыс берді. 18 жасқа енді толған қыз бен жігіт осылайша алғашқы отбасы таңдауын жасады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
20.11.2022
Анна Пяхно, Балқаш қаласының тұрғыны:
- Біз бүгін дауыс беруге алғаш келіп тұрмыз. Некеміз де бүгін қиылды. Біз үшін бұл жәй дауыс беру емес, отау құрған, шаңырақ көтерген күніміз.
Анна Яхно мен Савелий Жохов бір-біріне 12 жастан ғашық болыпты. Алты жыл қыз жігіт болған екеуі дәл бүгін некесін қидырды. Сайлау болатын күнді әдейі таңдағанын да жасырмады. Жаңа отбасы «Жаңа Қазақстан» үшін дауыс беруді жақсы ырымға баладық дейді.
Ал ақтаулық Саламат Жаманбай мен Динара Қырым неке қидырған күні президенттік сайлауды елеусіз қалдырған жоқ. Отағасы мемлекеттік қызметші болса, жары мектеп мұғалімі. Жас келін атанған Динара сайлаудан үнемі қалыс қалмайтынын айтады. Жас жұбайлар сайлау учаскесінің мүшелерін бүгін өтетін тойына шақырды. Дегенмен кешкі сағат 8-ден кейін бюллетень санауды бастайтындар тойға бара алмайтын болды.
Динара Қырым, Ақтау қаласының тұрғыны:
- Бүгінгі президент сайлауы, осы біздің үлкен қуанышымызбен қатар келіп тұр екен. Біз де өз дауысымызды бердік. Жалпы әрбір Қазақстан азаматы келіп, осы сайлауға қатысып таңдауын жасау міндеті деп ойлаймын. Есте қалатындай болсын деп, осылай белгілеген болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!