Саясаттанушылар: Бес кандидаттың депутат боп сайлануына мүмкіндігі бар
Саясаттанушылардың пікірінше, кезектен тыс президент сайлауына қатысқан бес кандидаттың кейбірі расымен Парламент палаталарының біріне депутат боп сайлануына мүмкіндігі бар. Мұндай болжамды мамандар үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларына қарап жасап отыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
21.11.2022
Сонымен қатар бір айға созылған үгіт-насихат жұмыстары кезінде жер-жерді аралап, жұрт арасында кәдімгідей атақ жинады. Оның үстіне әрқайсысына президенттікке экс-кандидат деген тіркес ере жүретіні белгілі. Енді олар өз бағын Парламентте немесе жергілікті Мәслихаттарда сынап көруі мүмкін дейді саясаттанушы.
Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:
- Кандидаттардың болашағы тікелей өзіне байланысты. Сайлауда аз дауыс жинаған үміткерлердің ұсынған бағдарламалары мүлдем есте қалмады. Бірақ олар мол тәжірибе жинады. Үкіметте бір лауазымға тағайындалады деп айта алмаймын. Менің ойымша, кейбірі Мәжіліс пен Мәслихатқа баруы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!