{metadescription}
0:000:00
Тәуелсіз Қазақстан тарихында өткен жетінші сайлаудың нәтижелері

Тәуелсіз Қазақстан тарихында өткен жетінші сайлаудың нәтижелері

Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президентті сайлаудың алдын ала нәтижесін мәлімдеді. Қазір шет елдердегі сайлау учаскілерінде де дауыс беру толық аяқталған. Сонымен қазақстандықтардың басым көпшілігінің таңдауы Халық коалициясы атынан ұсынылған кандидатқа түсіпті.

81,31 пайыз дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтан кейін, екінші орында «Ауыл» партиясынан аламанға түскен Жигули Дайрабаев. Ал Қарақат Әбден 2,6 пайызбен үздік үштікті түйнідеп тұр. Ал сайлаушылардың 6 пайызға жуығы «Бәріне қарсымын» деген графаны белгілеген. Саяси науқанның алғашқы нәтижелері қандай?

Сонымен күздің басынан ел аузынан түспеген сайлау өз мәресіне бүгін жетті. Өйткені шетелдегі дауыс беру учаскелері уақыт белдеуіне байланысты бүгін таңда өз жұмысын аяқтады. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихында өткен жетінші сайлау. Әрі өз кезектен тыс өткен төртіншісі. Заң бойынша Орталық сайлау комиссиясы барлық саяси доданы қалтқысыз өткізіп келеді.

Астананың оң жағалауы Ақордадан жарлық шыққан күннен бастап тынышталмады. Күнде брифинг, күнде есеп. Күні кеше мұнда тоғыз брифинг өтті. Сөйтіп түніменен аймақтардан келген бюллетендерді санаған Орталық сайлау комиссиясы бүгін таңсәріде сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Отандастарға тезірек жақсы жаңалық айтуға асықты ма, әлде жұмысын тез аяқтағысы келді ме, брифинг ұзаққа созылмады.

20 қарашада өткен кезектен тыс президентті сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 % жинап, өзге кандидаттардан оқ бойы озып шықты. Одан кейін Жигули Дайрабаев. Ол 3,42 пайыз дауыс жинаған. Қарақат Әбденнің қоржынында  2,6  пайыз дауыс бар. Мейрам Қажыкен 2,53 пайыз жинап төртінші орында тұр. Оппозиционер  Нұрлан Әуесбаев 2,22 пайызды місе тұтыпты. Салтанат Тұрсынбековаға 2,12 пайыз жақтасы дауыс берген екен. 

Ал биыл бірінші рет бюллетенге енген «Бәріне қарсымын» графасы өзге бес кандидаттың алдын орап кеткен. Қазақстандықтардың 5,8 пайызы бәріне қарсы дауыс беріпті.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:

- ҚР Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес, аумақтық сайлау комиссиялары дауыс саналғаннан кейін екі күн ішінде әрбір өңір бойынша хаттамалардың түпнұсқасы жеткізілуге тиіс. 20 қарашада Қазақстанда өткен президентті сайлаудың қорытындылары ОСК отырысында белгіленетін болады.

Кандидаттардың бәріне бірдей ақша бөлінді, телеранадағы жарнамасына да минут-секунды, баспасөз бетіндегі үгіт-насихат мақаласының көлемі де теңдей бөлінген. Әр үміткердің штабы биыл үгіт-насихатқа 10 миллион теңгеден алды. Додаға түскен алтауы үш миллион теңге жарна төледі. Бұл сома қайтарылмайды. Өйткені «Сайлау туралы» Заңда 5 пайыздан артық дауыс жинаған үміткерге ғана шығыны қайтарылады.

Енді Конституцияға сәйкес, сайлау өткеннен кейін жеті күн ішінде оның нәтижесі шығарылуға тиіс. Сөйтіп 27 қарашаға дейін Қазақстан жұртына бірінші рет жеті жылдық мерзімге сайланған Президенттің есімі ресми жарияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде