{metadescription}
Азық-түлік неге қымбат – көкөніс сақтайтын қойма жоқ
Азық-түлік неге қымбат – көкөніс сақтайтын қойма жоқ

Азық-түлік неге қымбат – көкөніс сақтайтын қойма жоқ

Көкөніс сақтайтын қойма жоқ. Азық-түлік сол үшін қымбат. Бағаның тоқтаусыз өсуін үкіметтегілер осылай түсіндіріп отыр. Сақтайтын орынның тапшылығы әсіресе қысы суық өңірлердегі бағаға кері әсер еткен. Әйтпесе, көкөніс жеткілікті мөлшерде жиналған дейді шенеуніктер.

Қымбатшылық қашанға дейін жалғасады? Экономистер не дейді?

Бүгін Үкімет кулуарында тілшілердің сұрағына жауап берген вице-премьер әрі сауда министрі Серік Жұманғарин әлқиссаны қоймадан бастады. Азық-түліктің, әсіресе көкөністің бағасына әсер етіп жатқаны – сақтайтын жердің аздығынан дейді министр. Әйтпесе елде көкөністің түр-түрі бар және ол қазақстандықтарды тегіс қамтуға жеткілікті екен.

Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Біз бәрін өсіреміз. Мысалы, картопты жеткілікті егеміз, бірақ оны сыртқа сатуға мәжбүрміз. Өйткені оны сақтайтын қойма жоқ. Оны тек сәуір айына дейін сақтай аламыз. Сосын бір жаққа жіберуіміз керек. Азықтүлік сақтайтын қойма салу «Жол картасында» бар, Үкімет қолдауға дайын. Алайда бизнестің бұған қызығушылығы жоқ.

Ал бизнестің неге құлықсыз екенін экономистер былай түсіндіреді.

Сапарбай Жобаев, экономист:

- Оны әкімдерге берместен, орталықтандырылған бизнесмендерге беру керек. Бизнесмен өзі жеке кәсіпкер болса, тоңазытқышты құру мәселесі болса, оны өзі үшін құрады. Ертең ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндер, картоп, сәбіз өндіретін, соларды жиып алып, жалға береді. Сөйтіп өзінің табысымен жұмыс істейді. Әкімдерді бұған араластырмау керек. Егер әкімді араласатырып, «сен жауап бер» дейтін болсаң, 20 жылдан кейін де дәл осы сыбайластық жемқорлықпен олар өзі үшін байып кете береді.

Сөйтіп өсіріп-баптағанмен, кейін сақтай алмайтын біздің картопты Өзбекстан мен Пәкістан "аттай қалап" алады екен. Ал өзіміз оны керек кезінде қайтадан екі есе бағасына сатып аламыз. Бұдан жапа шегетін – қарапайым тұтынушы.

- Картоп, капустабәрі қымбат. Бірақ амал жоқ, аламыз. Көп алмаймыз, шамалап қана.

- Баға деген шарықтап тұр ғой. Картоп, пияз, кейде банан, анаумынау, алма алғың келеді. Бағасы қымбат. Арзанарзанынан қарап аласың.

Баға қалай құбылса да, талғажау ететін тамақ керек. Сондықтан тұрғындар тапқан-таянғанын талғамның қалауына емес, қолы жеткенге жұмсайды. Қысылтаяң шақта ауызға түсетін тұрақтандыру қорын біз де барып көрдік. Елордада сондай алты қойма бар. Оларда әлеуметтік маңызы бар тауарлар, жеміс-жидек, көкөніс сақталады. Қазір осы алтауында 37 мың тоннаға жуық көкөніс сақталып тұр екен.

Бір ғана Астананың өзінде екі түрлі баға бар. Мысалы, картопқа оң жағалау тұрғындары 130 теңге төлесе, сол жағалауда 50 теңге көбірек төлейді. Ішіп-жемнің бәрі өзге өңірден келетін елордалықтарды тұрақтандыру қоры қамтуға қауқарсыз. Ал арзан кезінде сатып алып сақтап қоятын қоймалар өте аз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде