Қант тапшылығы мәселесі шешілді
Елде енді қант тапшы болмайды. Вице-премьер әрі сауда және интеграция министрі осылай деп отыр. Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан бұдан былай өзін-өзі шекермен толық қамтуға қауқарлы. Мәселені былай шештік дейді премьер-министрдің орынбасары.
Автор: Елдос Есенбол
22.11.2022
Енді әр өңір бір зауытқа бекітіледі және аймақтар өзін қантпен қамту ету үшін Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы сол зауытқа қаржы құяды. Осылайша облыстар өзіне керек қантты тікелей зауыттан алдырады. Үкіметтегілер өндірушілермен бағасын да келісіп қойыпты, 450 теңгеден аспауға тиіс.
Биыл жазда қант қат тауарға айналып, бағасы да шарықтап шыға келді. Монополистердің бар шекерді сатып алып, тапшылықты қолдан ұйымдастырғаны да айтылды. Сауда министрі енді мұндайға жол берілмейді деп отыр.
Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Иә, бұл қоңыр қант болады. Себебі, әзір қант қызылшасы жеткіліксіз. Десе де бұл 100 пайыз өзіміздің өнім.Қазір неге инфляция бағамы 18,8 пайыз? Ең басты себеп – қант. 75 пайызға дейін қымбаттаған. Ал қымбаттауына Ресей экспортының тоқтағаны әсер етті. Енді бұндай жағдай қайталанбасын үшін ішкі нарықты өзіміз қантпен қамтимыз деп шештік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!