Шымкентте алпауыт компаниялар дизель тапшылығын қолдан жасаған
Шымкентте жанармай сататын алпауыт компаниялар дизель тапшылығын қолдан жасағаны анықталды. Жазда жүргізушілер сұйық отын таппай сенделген. Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіндегілер бұл «қасақана жасалған әрекет» деп отыр.
Автор: Бек Әбиев
22.11.2022
Жанармай бекеттері дизель отынына сұраныс артқанда әр адамға тек 50 литрден ғана сатқан. Осылайша, онсыз да тапшы болған дизель мүлдем қолжетімсіз болыпты. Осындай қитұрқылықпен алпауыт компаниялардың қанша пайда тапқанын департаментегілер әзірге жария етпеді. Десе де бір жарым ай бойы шымкенттік жүргізушілерді жанармай іздетіп сандалтқандарға ауыр жаза көзделмеген. Яғни тапшылықты қолдан жасағандар тек ескертумен құтылып кетуі мүмкін.
Нұрболат Әлиақбаров, Шымкент бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің бөлім басшысы:
- «Синойл» және «Гелиос» филиалдарының екі бекеті белгіленіп, соның ісәрекеттерінде шектеу белгілері анықталып, соның салдарынан хабарлама берілген болатын. Келіскенде заңбұзушылықтарға жол бермеуге, және алдағы уақытта қайталамауға және шектеу жасамауға соны ресми түрде бізге жауап беруі керек.
–Яғни келісіп, болды енді, осылай жасамаймыз десе, ол жазасыз қалады ғой?
- Иә, өйткені кәсіпкерлік кодексінің талабы сондай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!