{metadescription}
Қамаудағы Арыстанбек Мұхамедиұлының мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Қамаудағы Арыстанбек Мұхамедиұлының мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Қамаудағы Арыстанбек Мұхамедиұлының мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Енді ол жыл соңына дейін уақытша ұстау изоляторында отыруға тиіс. Ұлттық музей директорының басы дауға ілікті деген ақпарат алғаш 16 мамырда тараған.

Артынша құзырлы органдар оның «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен тергеліп жатқанын растады. Бұдан бөлек, Мұхамедиұлына киелі орындар мен кинолокация жобаларынан ақша жымқырды деген де айып қосылған. Мәдениет министрі болып тұрғанда бірнеше кәсіпорын мен компанияны туыстарының меншігіне заңсыз өткізді деген де күдік бар.

Арыстанбек Мұхамедиұлының жалпы мемлекетке келтірген залалы шамамен 7 миллиард теңгеге бағаланған. Ұлттық музей директорының өзі күдікке ілінгеннен кейін 22 минуттық видео-үндеу жариялап, атқарған қызметтерін, сіңірген еңбегін тізіп шықты. Және өзіне жала жабылғанын айтып, бұған өнердегі кейбір әріптестерін кінәлаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде