{metadescription}
Елімізде тұмау асқынып тұр
Елімізде тұмау асқынып тұр

Елімізде тұмау асқынып тұр

Ақтөбеде тұмау жұқтырғанның көптігінен ауруханаларда қосымша орын ашылып жатыр. Науқастардың дені – жүкті келіншектер мен балалар. Вирус дене қызуын көтеріп, тыныс жолдарын бітеп тастайды дейді мамандар.

Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл тұмауда өте жоғары температура 39-дан асады. Сүйегі сырқырайды, басы ауырады. Өте ауыр жағдайда болады. Дер уақытында дәрігерге көрінбей өзін емдеп, қаралмайтын жағдайда тұмау асқынып, пневмонияға дейін апарады.

Соңғы бір айда үш мыңдай ақтөбелік тұмаумен ауырған. Оның 800-ге жуығының ауруы асқынып ауруханаға түскен. Вирусты балалар мен жүкті әйелдер тез қабылдайды екен. Әсіресе бір жасқа дейінгі сәбилердің ағзасы әлсіз. Қазір 147 бөбек ауруханада емделіпті.

Санитар мамандар аяз түспейінше, тұмаудың таралуын тоқтату қиын дейді. Былтыр аймақта тұмаумен ауырған бірде-бір науқас болмапты. Ал денсаулық сақтау министрі тек Ақтөбе өңірінде емес, бүкіл елде тұмау асқынып тұрғанын айтады. Сондықтан жұқпалы індетті екпенің күшімен ғана тоқтату керек дейді министр.   

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Биылғы маусымда он пайыздай көтерілді. Екпе тұмауға қарсы бүкіл жыл сайынғы шарамен жүргізіліп жатыр. Вакцина уақытында әкелінді. Қазір Ресейден Гриппол вакцинасы алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде