{metadescription}
Жол апатынан жеті адам мерт болды – Ақтөбе облысы
Жол апатынан жеті адам мерт болды – Ақтөбе облысы

Жол апатынан жеті адам мерт болды – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында жол апаты жеті адамның өмірін жалмады. Тағы төртеуі ауруханада жатыр.

Оқыс оқиға Мұғалжар ауданындағы Елек ауылының маңында болды. ВАЗ көлігін тізгіндеген жүргізуші жанама жолға шығып, қатар келе жатқан Ларгуспен соқтығысқан. Қатты соққыдан Ларгус қарсы жолаққа шығып кетіп, Киа маркалы машинамен бетпе бет соғылыпты. Ларгустың төрт жолаушысы мен жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Екі жолаушыны аудандық ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмады.

Айдос Құлжанов, Ақтөбе облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Ларгус автокөлігінің жүргізушісі және төрт жолаушысы оқиға орнында қаза болып отыр. Сонымен қатар екі жолаушы аудандық ауруханада қаза болды. Және де Киа автокөлік жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.