Таразда белгісіз біреу күш құрылымдарын әбігерге салып жатыр
«Бір сағатта оқу ордасын босатып үлгеріңіздер, әйтпесе жарыласыздар». Таразда белгісіз біреу екі күннен бері телефонмен осындай хабар таратып, күш құрылымдарын әбігерге салып жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
22.11.2022
Бүгін қала орталығындағы колледждің бірінде оқу тоқтатылып, бүкіл студенттер мен мұғалімдер далаға шығарылды. Өйткені белгісіз біреу білім ошағының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын ескертіпті. Алайда күш кұрылымдары бірнеше нысанның қуыс-қуысын тексеріп түк таппады. Ел арасында телефон лаңкесінің осы білім ошағына өші бар ма деген күдік пайда болды. Өйткені ол кеше де дәл осындай суыт хабармен мың жарым адамды қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр еткен. Бүгін де құзырлы органдардың 100-ге жуық өкілін сенделтіп қойды. Оның ішінде сапёрлер мен кинологтар да бар. Ал бәрін әуреге салған телефон тентегі әлі ұсталған жоқ.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Тексеру нәтижесінде аталған оқу ғимаратарынан еш жарылғыш зат табылмады. Аталмыш фактімен ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!