{metadescription}
Екі гектар жерге қатысты екі жылға созылған даулы сот – Орал
Екі гектар жерге қатысты екі жылға созылған даулы сот – Орал

Екі гектар жерге қатысты екі жылға созылған даулы сот – Орал

Оралда екі гектар жерге қатысты екі жылға созылған даулы сот  аяқталуға жақын. Шағымданушы қалбыр зауытының өкілдері өндіріс  аумағына қала әкімдігі тұрғын үй салуға заңсыз рұқсат берген дейді. Қазір ол үйде 100 шақты отбасы тұрып жатыр.

Тағы 300 үлескер қалған құрылыстың аяқталуын күтіп жүр. Ал халықты да, кәсіпорынды да алаңдатқан соттың немен аяқталары белгісіз.

Оралдағы өндіріс аумағына тұрғын үйлер 2019 жылы салына бастаған. Баспаналардың бірі пайдалануға беріліп, жұрттың алды тұрып жатыр. Тарсыл-гүрсілі мен көк түтіні көп аумаққа тұрғын үй салудың заңға қайшы екенін кәсіпорын басшылығы содан бері дәлелдей алмай келеді. Ереже бойынша баспаналар санитарлық аумақтан 100 метр қашықтықта болуға тиіс. Консерві зауыты өкілдерінің бұлай шырылдауы бекер емес. Егер санитарлық аумаққа салынған үйлер заңдастырылса, зауыт экология лицензиясынан айырылады. 750 адам жұмыссыз қалғалы тұр.

Бақытжан Базарбек, заңгер:

- Үй соққан кезде, жобаны дайындаған кезде еш құжатсыз дайындаған. Келісу актісі жоқ, өкілетті орган қорытындысы жоқ. Қоршаған ортаның кері ықпалы туралы жобасы жоқ. Техтапсырма жоқ. Ешнәрсе жоқ.

Соған қарамастан қазір тағы үш үйдің құрылысы басталған. Ал даулы үйден пәтер алғандар не істерін білмей дал.

Алина Құрманова, Орал тұрғыны:

- Екі жылда соттансотқа жүгіріп әбден шаршадық. Онкология  науқастар, көпбалалы аналар, мұғалімдер мен дәрігерлер бар, бәріміз сергелеңге түстік. Сонда үйімізді сүріп тастаса, ипотекалық несиміз не болады? Қорқынышпен күн кешіп жатырмыз.

Ал қала әкімдігі сот шешімі шықпайынша, қандай да бір пікір білдіруден аулақ. Десе де олар медиация келісіміне келуге ұсыныс жасапты. Бұған сотқа қатысушы тараптан ешкім келіспей отыр.  Себебі, бұған дейінгі сотта жеңіп шыққан Кублей зауытының өкілдері осы жолы да әділдік жеңеді деген сенімде. Бар ақшасын салып баспана алған жұрт та осындай үмітте. Созбалаңға салынған соттың немен аяқталары бірер күнде белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.