{metadescription}
Шымбұлақта жаңалық көп: балаларға трасса ашылды
Шымбұлақта жаңалық көп: балаларға трасса ашылды

Шымбұлақта жаңалық көп: балаларға трасса ашылды

Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортының қысқы маусымы ашылды. Алатау баурайындағы сырғанау алаңдары толық дайын. Демалыс орнынының басшылығы қымбатшылыққа қарамастан, аспалы жолдың құны бұрынғыдай болады деп отыр.

Ал зейнеткерлер, бес жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер жұмыс күндері кешенге тегін кіре алады. Көпбалалы аналарға да 30 пайыз жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар мен аутизмге шалдыққан бүлдіршіндер сырғанауды үйрететін тегін курстарға қатыса алады. Маусым айында Шымбұлақта 6-15 жас аралығындағы балаларға арналған тау лагерін ашу жоспарланған. Жалпы демалыс курортында қала тұрғындары мен қонақтарының шаңғы және сноубордпен күндіз-түні сырғанауына барлық жағдай жасалған. Қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмапты. Биылдан бастап шаңғы тебе алмайтын балалар мен ересектерге жаңа оқу-жаттығу жолы іске қосылған.

Ләззат Бастаубаева, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені директорының орынбасары:

- Биылғы жаңалық: кішкентай балаларға «Ақ барсик» трассасы ашылды.  «Құрғас сай» трассасы да ашылды. Бұл трассаларда көптеген жұмыс жүргізілді. Шаңғы тебетін жол ұзартылды. Қосымша үш шақырым қосылды. Өткен маусымда 1 миллион 28 мың адам келген, жаз бен қыс маусымын қосқан кезде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде