{metadescription}
Келесі жылдан бастап шетелге ұшу арзандайды
Келесі жылдан бастап шетелге ұшу арзандайды

Келесі жылдан бастап шетелге ұшу арзандайды

Шетелге ұшу арзандайды. Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге бару біршама жеңілдетіледі. Индустрия министрлігі осындай қуанышты жаңалық айтты. Жауапты ведомство шетелдік лоукостерлерді тарту арқылы билет бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.

Қазір министрлік ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ нақты қайсы екенін министр Өскенбаев жасырып қалды. Яғни шетелге қатынайтын үлкен ұшақтар Қазақстан жерінде аялдап, жолаушыларды алып кетеді. Ондай билет арзан болады дейді жауаптылар. Отандастардың Түркия мен Еуропаның кейбір елдеріне қиналмай  ұшуы көп күттірмей, келесі жылы басталмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде