{metadescription}
Ескерту: Құрылыс құжаты жоқ кешеннен пәтер сатып алу – қауіпті
Ескерту: Құрылыс құжаты жоқ кешеннен пәтер сатып алу – қауіпті

Ескерту: Құрылыс құжаты жоқ кешеннен пәтер сатып алу – қауіпті

Алматыда тоғыз тұрғын үй кешенінің құрылысы заңсыз жүріп жатыр. Қала әкімдігі тексергенк езде құрылыс компанияларының рұқсат алмағанын анықтады. Құрылысқа қажет құжаты болмаса да, кейбір компания жылжымайтын мүлікті сатуға кіріскен. Үлескерлер армандаған үйін суреттен таңдап, алдын ала төлем жасағаны да бар.

Алайда мамандар «бұл – заңға қайшы» дейді. Заңгерлер пәтер таңдау ісінде мұқият болуды ескертеді. Себебі, заңсыз салынған үйді сот шешімімен сүріп тастауы да мүмкін. Ал ақшаны қайтарып алу оңай шаруа емес.

Алматыда «Французский дом» атты тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмай жатып тоқтады. Себебі, комфорт-класс үйлердің іргетасы шаруа қожалығына арналған жер телімінде қаланыпты. Қала әкімдігі тағы тоғыз тұрғын үй кешенінің заңсыз салынып жатқанын анықтады. Бәрінің құрылысқа қажет рұқсат қағазы толық емес. Бірінде сәулет-жоспарлау тапсырмасы болмаса, енді бірі эскизді жоба жасамаған.

Жанар Әбжалиева, Алматы құрылыс бақылау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Әр тұрғын үй кешенінің мәселесі әр түрлі. Бірақ біз бәріне бірдей алдымен ескерту айтамыз. Заңсыздықты жоюға уақыт береміз. Ал межелі мерзімде құжатын ретке келтірмейтін компанияға әкімшілік іс қозғалады. Ары қарай оның тағдырын сот шешеді. Біз тексеру жұмысын тоқтатпаймыз.

Соған қарамастан қымбат ауданда орналасқан тұрғын үй кешендерінің жарнамасы жер жарып тұр. Тіпті кейбір құрылыс компаниясы қазығы әлі қағылмаған үйді сатуға кірісіп кеткен. Шаршы метрі 300 мың теңгеден басталатын пәтерлерді алдын ала таңдап алуға болады. Армандаған үйіңізді ипотекаға алуға немесе бөліп төлеуге де мүмкіндік бар. Менеджерлер түрлі кедергіге байланысты үй бой көтермесе, клиенттің ақшасын толық қайтарамыз ден сендірді.

Алайда заңгерлер құрылысқа қажет құжаты жоқ кешеннен пәтер алу өте қауіпті дейді. Мамандар құйған ақшаңызды қайтара алмай опық жеп қалуыңыз мүмкін деп отыр. Ал әкімдіктің ескертуін елемей, жылжымайтын мүлікті сатып жатқан компанияның әрекеті заңғы қайшы дейді.

Ғабит Өмірбек, заңгер:

- Тұрғын үй кешенін сатуды тоқтату туралы арнайы әкімнің атынан қаулы немесе жарғы шығарып, тоқтатып тастау керек. Егер соған қарамай сатса, әкімшілік іс қозғап, айыппұл салу керек. Оны қазір халық сатып алып, кейін қиналып қалады. Сондықтан бұл ісәрекет – заңсыз.

Құрылысты заңдастырмаған тұрғын үй кешендеріне қатысты шешімді сот әлі шығарған жоқ. Сондықтан тәуекелге барып пәтердің алғашқы жарнасын төлеп үлгерген үлескерлерге әліптің артын бағудан басқа амалы жоқ.

Биыл қалада заңсыз салынған екі бірдей тұрғын үй кешені сүрілген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде