{metadescription}
Боқтық сөз айтқан әкім жауапқа тартылуы мүмкін
Боқтық сөз айтқан әкім жауапқа тартылуы мүмкін

Боқтық сөз айтқан әкім жауапқа тартылуы мүмкін

Бір жарым сағат бойы боқтық сөз айтқан әкім жауапқа тартылуы мүмкін. Батыс Қазақстан облысында қарамағындағы қызметкерлерді әбден балағаттаған аудан басшысына қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың бейәдеп сөздері жазылған таспа әлеуметтік желіге тараған.

- Өздерің бастап, аяққа резеңке етік киіп, қолға күрек алып жүріңдер ... Ананда ... шауып жүрміз. Неге құжат тапсырмайсыңдар ... Неге ...

Әкімнің таспадағы дауысы көктемгі тасқын кезінде жазылыпты. Қазір өзі денсаулығына байланысты демалыста екен. Деректерге қарағанда, аудиожазба ұзақтығы бір сағаттан асады. Осы уақыт ішінде әріптестерінің "ит терісін басына қаптап", 144 рет бейәдеп сөз айтқан.

Бәйтерек ауданына арнайы барған тілшілеріміз оны орнынан таба алмады. Марат Тоқжанов тілдесуге құлқы жоқ екенін телефон арқылы жеткізді. Қазір Мемлекеттік қызмет істері агентігі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Бір айта кетерлігі, басы бәлеге қалған Марат Тоқжанов – Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың туған інісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі:

- Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі М. Тоқжановтың төрағалығымен өткен мәжілістің аудиожазбасы анықталды. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекі, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіз және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Осыған орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру шараларын жүргізуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде