Жайылымға мұнай төгілген – Атырау облысы
Атырау облысында жайылымға мұнай төгілді. Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік елдімекенінің тұсында тұрғындар мұнай қалдығының төгіліп жатқанын байқаған. Жергілікті шаруалар экологияның ластанғанын бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.
Автор: Жанат Молдашова
25.11.2022
Төрт түлікпен күнелткен ауыл жұрты жайылымға зиянды қалдық төгілгеніне алаңдап отыр. малымыз қырылып қала ма деп қорқады. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, Сүйіндік ауылының маңында «Смарт Ойл» Серіктестігі барлау-бұрғылау жүргізген. Мұнай содан төгілуі мүмкін. Экология департаменті ауданға арнайы маман жіберіп, тексеру басталғанын хабарлады. Қоршаған ортаны ластаған мекеме анықталса, заңға сай жазаланады дейді олар.
Әлібек Бекмұханбетов, Атырау облысы экология департаментінің басшысы:
- Комиссия ретінде жергілікті полициямен және әкімшілікпен бірге барып, сол орынды анықтап, факті бойынша мұнай қалдығының мөлшерін анықтайды. Топырақ сынамасын алады. Сынама жұмысы біткеннен кейін қай мекемеге қатысты екенін анықтап, арнайы шара қолданамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!