{metadescription}
Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия Каспийде көлік бағытын дамытады
Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия Каспийде көлік бағытын дамытады

Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия Каспийде көлік бағытын дамытады

Жыл басынан бері Ақтаудағы Құрық теңіз порты арқылы бір жарым миллион тонна жүк тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Ал алдағы уақытта тасымал көлемі тағы да ұлғаюы мүмкін. Бүгін Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия Каспий теңізі арқылы өтетін көлік бағытын дамытуға уағдаласты.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрі:

- Жол бойынша қандай инфрақұрылымды дамыту керек екенін түгелімен келісіп, «Жол кортасын» құрып, әр мемлекет өз тарапынан өзіне уәде алып отыр. Порттың мүмкіншілігін ұлғайту үшін жаңа айлақтар, хабтар салуымыз керек. Контейнер хабы деп отырмыз, астық таситын хабты. Құрықта салынып бітіп жатыр. Оны қосымша тағы да арттыру керек.

Аталған төрт елдің жауапты министрлері бес жылға арналған «Орта дәлізді» дамыту жөніндегі құжатқа қол қойды. Осы арқылы 2025 жылға қарай жүк тасымалын 10 миллион тоннаға дейін арттыру көзделген. Тіпті келер жылдан бастап Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы Еуропаға шығару жоспары бар.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Қазір елдер арасында қарқынды саяси диаолог жалғасып келеді. Сауда-экономикалық және мәдени-экономикалық ынтымақ айтарлықтай жанданды. Заманауи геосаяси жағдайда осы мәселенің өзектілігі жоғарылап келеді. Ал биыл осы бағдар арқылы жүк ағынының екі есе өсуі Транскаспий дәлізіне қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде