{metadescription}
Саяси мәдениет қалыптастыруға сауатты сарапшылар қажет
Саяси мәдениет қалыптастыруға сауатты сарапшылар қажет

Саяси мәдениет қалыптастыруға сауатты сарапшылар қажет

Саяси мәдениет қалыптастыруға сауатты сарапшылар қажет. Алматыда саясаттанушы мен әлеуметтанушы дайындайтын жаңа мектептің мүшелері алғашқы жұмысын таныстырды. Жас сарапшылар бүгін Президенттің өмірбаяны мен оның жүзеге асырған реформаларын жан-жақты талдады.

Марат Шибутов, «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры директорының орынбасары:

- Біз мектепке адамдарды жасы мен қызметіне қарап таңдамаймыз. Ең бастысы, саясатқа қызығатын, өз көзқарасы болуы керек. Сайлауды біздің түлектер бақылап, өз ойын қағазға түсірді. Жас сарапшылар саясатқа қатысты екі ауқымды тақырыпқа зерттеу жүргізді. Олар дайындаған баяндаманы әлеуметтік желіге жүктеп, кітапханаларға қою жоспарда бар.

Жас сарапшылар мектебінде оқып жатқан 12 адам түрлі салада жұмыс істейді. Бірақ бәрінің қызығатыны бір – саясат. Болашақ саясаттанушылар бірігіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарған жұмысы мен президент сайлауын талқылады. Олар дайындаған баяндамада елімізде соңғы үш жылда болған елеулі және қайғылы оқиғалар, төтенше жағдайлар бәрі түгел қамтылған. Жиынға қатысушылар ел басына күн туған сәтте президент халықтың жанынан табылып, түйіткілді мәселелер шешімін тапқанын жеткізді. Шарада жас сарапшылар өткен жексенбідегі саяси аламанның қалай өткені мен оның қорытындысы, халық белсенділігіне қатысты тұшымды ойын ортаға салды.

Айнұр Айбынқызы, "Қоғам пікірі" зерттеу орталығының жетекші сарапшысы:

- Біз жалпы саясаттану, әлеуметтану және сарапшы дағдыларын қалыптастыратын әр түрлі әдіс қолданып үйрендік. Біз алдымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмірбаянын зерттедік. Сонымен қоса, ол кісі жариялаған жеті кітапты қазақша, орысша, ағылшынша оқып талдадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде