{metadescription}
Қарағандыда жол апатынан екі автобустың күл-талқаны шықты
Қарағандыда жол апатынан екі автобустың күл-талқаны шықты

Қарағандыда жол апатынан екі автобустың күл-талқаны шықты

Қарағандыда екі автобус соғылып, 18 жолаушы зардап шекті. Жағдайы ауыр екі науқасқа шұғыл ота жасалған. Бүгін таңертең болған апатта бір автобустың жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

Қатты соққыдан екі автобустың да күл-талқаны шыққан. Құтқарушылар автобус жүргізушілері мен бірнеше жолаушыны жапырылған темірдің арасынан әрең шығарып алды. Көпірден түсіп келе жатқан жолаушыға толы қалааралық автобус қарсы бағытқа шығып кеткен деген болжам бар. Аватобус дәл алдында келе жатқан екінші қоғамдық көлікті барып ұрады. Абырой болғанда, өз жолағында келе жатқан автобуста жолаушы болмапты. Өкініштісі, оның 60 жастағы жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жарақат алған 18 адам бірден ауруханаға жеткізілді. Полиция қылмыстық іс қозғап, жол апатының себебін анықтап жатыр.

Берік Төлеубаев Х.Мақажанов атындағы аурухананың травматология орталығының басшысы:

- 18 науқас түсті. Оның ішінде төртеуінің жағдайы ауыр. Екеуі Мұқанова көшесіндегі №7 ауруханаға жеткізілді. Ең жағдайы ауыр екеуі осында қалдырылды. Оларға шокқа қарсы емшара жасалынып жатыр, қазір ота жасалынып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде