{metadescription}
Екібастұзда төтенше жағдай  — орталық қазандық жұмысын тоқтатты
Екібастұзда төтенше жағдай  — орталық қазандық жұмысын тоқтатты

Екібастұзда төтенше жағдай — орталық қазандық жұмысын тоқтатты

Екі күннен бері жылусыз отырған Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды. Шағын шаһарда жылу құбырлары жарылып, орталық қазандық жұмысын тоқтатқан.

Маманадар сақылдаған аязда қоммуналдық апатпен арпалысып жатыр. 30 градус аязда бүкіл қала халқы жылу мен ыстық судан қағылды. Енді апат салдары толық жойылмайынша, коммуналдық қызметтегі қарбалас басылмайын деп тұр. 

Екібастұзда мектеп оқушылары онлайнға кетіп, балабақшалар жабылды. Коммуналдық мекемелер жылу жүйесіндегі апатты жоюға барын салып жатыр. Қазір қала тұрғындары үшін 12 жылыту бекеті ашылған. Себебі, суықта әбден тоңған жұрттың жүйкесі сыр беріп, берекесі қашқан.

Құламерген Бейсембаев Екібастұз қаласының тұрғыны:

- Елден сабыр кетіп, кейбірі тіпті жыларман күйге түсті. Бір біріне қоңырау шалып, азанқазан болдық та қалдық. Көршім жүгіріп келіп, ескі электр пешін тауып алып қостым деп ентігеді. Мен де жылытқышты қосып қойдым.  

Коммуналдық апат екі күн бұрын болды. Жылу электр орталығындағы судың көлемі күрт азайып, ондағы пештерді тоқтатуға тура келген. Сөйтсе, қатты аязға шыдас бермеген құбырлар 15 жерден жарылыпты. Қазір кейбір нысандарға жылу беріле бастады.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

- Жалпы орталықта алты қазандық іске қосылып тұр. Оның үшеуі су қайнату, үшеуі энергетикалық қазандықтар. Температура параметрі 75-те 51. Бұл қалыпты көрсеткіш. Бірақ оны көтеру үшін жұмыс жалғасып жатыр.

Қалада техноген сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Ауруханадағы науқастар мен балаларға арналған орталықтан 100-ден аса адам Павлодарға көшірілген. Әлеуметтік нысандарға жақын арада жылу берілмесе, жағдай қиын болайын деп тұр.  

Айдар Сейітқазинов, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының  басшысы:

- Қазір перзентханада 27 науқас қалып отыр. Температуралық көрсеткіш қалыпты. Перзентхана суып кететін болса, науқастарды үйіне жібереміз деп жоспарлап отырмыз.

Тоңып кеткен тұрғындарға көмек көрсетуге еріктілер де қосылды. Олар халықты гуманитарлық көмек көрсетуге үндеп жатыр. Тіпті жылы киімдер мен жылытқыш құрылғыларды әкеліп беруді сұратуда. Бірақ электр желілеріне түсіп жатқан жоғары қысым, тағы бір апатқа әкелуі ғажап емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде