{metadescription}
Болжам: Елімізде ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді
Болжам: Елімізде ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді

Болжам: Елімізде ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді

Қыс қаһарына мінді. Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Бірнеше облыста ауа райы қазірдің өзінде өте салқын. Мәселен, өткен демалыс күндері республикалық маңызы бар тасжолдар жабылып, бұрқасында қалған 200-ден аса жолаушы құтқарылды.

Олардың барлығы жақын елдімекендердегі жылыту бекетіне жеткізілген. Арасында балалар да бар. Аяздың беті әлі қайтқан жоқ. Әсіресе Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн күрт суытып, оқушылар қашықтан оқуға жіберілді.

Қарашаның қара суығы сақылдаған сары аязға ұласты.Ақмола облысында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеп, сақтық шаралары күшейтілді. Республикалық маңызы  бар Екатеринбург-Алматы, Астана-Петропавл, Астана-Павлодар тас жолдары  жабылып, үскірік аязға қарамай ұзақ жолға шыққан жолаушыларды құтқаруға тура келді. Әсіресе дизель отынымен жүретін қоғамдық көліктегі адамдарға көмек қажет болды. Мәселен, бұл автобуста 62 жолаушы болған. Оның 8-і бала.

Осы күндері Шығыс Қазақстан облысында да бет қаритын аяз болып тұр. Кей жерде -40 градусқа жеткен. Мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті. Құтқарушылар үшін де қым-қуыт жұмыс басталды. Мәселен, Тарбағатай ауданында 16 жүк көлігінің жағармайы қатып жол үстінде қалған. Қолы үсіп қала жаздаған жүргізушілердің біріне медициналық көмек қажет болыпты. Зайсан ауданының құтқарушыларына боранда ығып кеткен 1300 бас қой мен жоқ іздеп шыққан екі аттыны іздеуге тура келген. Әйтеуір Қаратал ауылынан сегіз шақырым жерден мал да, жан да дін аман табылды.

Алмас Рақышев, ШҚО ТЖД инженері:

- ТЖД хабар түсе салысымен бірден жоғалған шопандарды іздеуге жол талғамайтын бір техника және жеке құрамнан алты құтқарушы аттанды. Қазір ТЖД құтқарушылар фермаға аманесен жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облысында 355 мектептің 50 мың оқушысы қашықтан оқуға көшірілген.Түкірік жерге түспейтін аязда көшеде тек баспанасыз қалған  қаңғыбастар  ғана жүр. Олар  жылу жүйесін паналап арнайы бейімдеу орталығына масаң күйде жете алмай қалады. Тәулігіне 20 шақты қаңғыбасты үсіп қалудан құтқарамыз дейді полицейлер. Ал «Казгидромет» алдағы күндері аяз қатты болады деп болжауда.

 

Алтынзер Есбосынова, «Қазгидромет»РМК инженері:

- 29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклоны әліде әсер етеді. Сондықтан аяз сақталады. Солтүстік өңірлерде 15-20 градус аяз, елдің орталығында 5-20 аяз. Ал республикамыздың шығысында 33-43 градус аязға дейін. Және еліміздің оңтүстігінде 7 градус аязбен 3 градус жылы.

Үскірік аяздың беті қайтты дегеннің өзінде өңірде ауаның температурасы бүгін түнде 25 градусқа дейін төмендейді. Қалың қар түсіп секундына 15/20 метр жылдамдықпен жел тұрып, сырғыма боран жүреді деп болжап отыр синоптиктер. Айтуларынша, желтоқсанда қар өткен жылғы межеден әлдеқайда қалың түседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде