{metadescription}
Наталья Годунова Жоғары аудитор палатасын басқаратын болды
Наталья Годунова Жоғары аудитор палатасын басқаратын болды

Наталья Годунова Жоғары аудитор палатасын басқаратын болды

Наталья Годунова Есеп комитетінің орнына құрылған Жоғары аудитор палатасын басқарады. Тиісті жарлыққа президент қол қойды.

Жоғары аудитор палатасының құрылатынын Мемлекет басшысы наурыздағы Жолдауында айтқан. Жаңа құрылымның құрамында төрағадан бөлек, палата мүшелері және аппараты бар. Олар қазына қаражаты ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеуіне тікелей жауапты.

Жоғары аудитор палатасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруге міндетті. «Бұл мекеме елдегі сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржы бақылаудың жоғары органына айналады» деп отыр сарапшылар.

Марат Башимов, саясаттанушы:

- Есеп комитетін Аудитор палатасына жіберді. Атынан да белгілі аудитор. Тексереді. Кім қандай ақшаны қайда жіберді? Ең парақор, жемқор, ақша ұрлағандар. Ол мынау бюджет ішінде жатыр. Өйткені министрліктер, лоббисттер бюджетке салады. Қазір енді жауапкершілік әкімшіліктен президенттің, парламентке кетіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.