{metadescription}
Бірқатар орталық мемлекеттік орган басшылары қайта тағайындалды
Бірқатар орталық мемлекеттік орган басшылары қайта тағайындалды

Бірқатар орталық мемлекеттік орган басшылары қайта тағайындалды

Президент өзіне тікелей бағынышты бірқатар орталық мемлекеттік орган басшыларын да қайта тағайындады. 

Жарлыққа сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, Қазақстан президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев жылы орнын суытқан жоқ.

Ауыс-түйіс Ұлттық қауіпсіздік комитеті, антикор және қаржы мониторинг агенттіктерін де айналып өтті. Аталған ведомстваларды осыған дейін басқарып келген Ермек Сағымбаев, Олжас Бектенов пен Жанат Элиманов өз лауазымында қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде