{metadescription}
14 қаңтарда сайланатын Сенат депутаттарына қойылатын талап
14 қаңтарда сайланатын Сенат депутаттарына қойылатын талап

14 қаңтарда сайланатын Сенат депутаттарына қойылатын талап

Сенат депутаттарын сайлау 14 қаңтарда өтеді. Ал кандидат ұсыну ертеңнен басталады. Сөйтіп жыл басында 20 өңірден бір-бір өкіл Парламенттің Жоғарғы палатасына сайланады. Сенаторларды өңірлердегі Мәслихат депутаттары таңдайды. Оларға қойылатын талап қандай?

Кезектен тыс президент сайлауының біткеніне бір апта өтер-өтпестен Орталық сайлау комиссиясы тағы бір сайлау туралы хабарлады. Қаңтарда 20 өңірден бір-бір адам Сенат депутаттығына сайланады. Ерекшелігі, сайлауға әдеттегідей дауыс беру құқы бар азаматтардың бәрі қатыспайды. Болашақ сенатор өз өңіріндегі Мәслихат депутаттарының қолдауына ие болса жеткілікті.

Кандидатураны депутат облғысы келетін адам өзі немесе Мәслихат депутаттары ұсынады. Үміткерлердің тіркеу ертең басталып, 14 желтоқсанда аяқталады. Оған қойылатын талаптар: үміткер Қазақстан азаматы және соңғы 10 жылда ел аумағында, оның үш жылын өзі сайланатын аймақта өткізуі керек. Жоғары білімді, бес жыл еңбек өтілі бар, жасы 30-дан асқан азамат Сенат депутаты болуға мүмкіндік алады.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДА ҚОЙЫЛҒАН ТАЛАПТАР:

- Азаматтығы;

- Соңғы 10 жылда ҚР аймағындағы тұрақты тұруы;

- Тиісті өңірдің аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұруы;

- Жоғары білімі;

- 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

- Жасы 30-дан кем болмауы;

- Төлейтін сайлау жарнасы да бар. Ол 15 айлық есептік көрсеткіш.

Константин Петров, ОСК мүшесі:

- Бүгінде сайлау жарнасы 900 мың теңге. Бұл констуциялық заңда 15, ең төменгі айлық мөлшерінде айқындалған жарнаға сай. Қазір ең төменгі айлық 60 мың теңге. Сайлау алдындағы үгіт 19 күнге созылады.

Үгіт-нәсихатқа сайлауға түсетін адамға да ақша беріледі. Бірақ оның қанша екені әзірге белгісіз. Сайлау өткізетін, дауыс беретін өңірлер болғасын, бұл жолы үлкен жауапкершілік аймақтарда болмақ.

Нұркен Әбдіров, ОСК төрағасы:

- Әріптестер, өңірдегі, сіздер өткізесіздер бұл сайлауды. Біз енді өз өкілеттілігімізге байланысты, тиісті басшылықты атқарамыз,бүкіл ел бойынша. 20 сенатор сайланады бір күнде. Әр өңірден бірбір. Негізі Сенат құрамында әр өңірде екі сенатор бар. Соның бір-біреуі ауысады.

Қазір Парламенттің жоғары палатасында 53 азамат депутат мандатына ие. Бірақ Мәжіліс сайлауынан кейін, Парламенттің жаңа шақырылымында олардың саны қысқарады. Оған қоса Қазақстан халқы ассамблеясының Мәжілістегі квотасы жойылып, Сенатқа ауыстырылған. Референдумда қабылданған конституциялық өзгерістердің бірі осындай. Ал әзірге Сенат депутаттығына кандидат болуға ертеңнен бастап әркімнің бар таласы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде