Маңғыстау облысына биыл 2400 қандастарымыз көшіп келген
Маңғыстау облысы қандастар ең көп келетін өңір. Жыл басынан бері мұнайлы өңірге 2400 адам көшіп келген.
Автор: Айман Нұрмағамбет
28.11.2022
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 53,9 пайызға көп. Одан кейінгі орында — Алматы. Оңтүстік астанаға биыл 2100 этникалық қазақ келген. Үштікті Алматы облысы түйіндеп тұр. Бұл өңірге соңғы бір жылда мың төрт жүз адам қоныстаныпты.
Ал Қызылорда облысы иммигранттар үшін ең тартымсыз өңірдің қатарында екен. Биыл бар-жоғы 12 адам барған. Мамандардың айтуынша, Отанына оралғандардың басым бөлігі Өзбекстаннан көш түзеген. Екінші және үшінші орында – Ресей мен Түркіменстаннан келгендер тұр. Қоныс аударғандардың көбі техникалық, экономикалық немесе педагогикалық білімі бар мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!