{metadescription}
Талдықорғанда мүгедектерге берген үйден қуып жатыр
Талдықорғанда мүгедектерге берген үйден қуып жатыр

Талдықорғанда мүгедектерге берген үйден қуып жатыр

Тегін берген пәтерден қуып шығармақ. Жетісу облысында көзі нашар көретін бүтін бір әулет далада қалуы мүмкін. Талдықорған әкімдігі баспанаға мұқтаж жандарға тегін үйді беріп алып, артынан босатуын талап етіп отыр дейді отбасы.

Атқамінерлер әлеуметтік осал топқа баспананы үлестіру кезінде қателік кеткенін жоққа шығармады. Тіпті айналдырған бес жылдың ішінде қалада мыңнан аса пәтер заң талабына қайшы жолмен табысталып кеткенін анықтапты.

Александра Вострецова алты бала тәрбилеп, бір әулеттің берекесін айрандай ұйытып отырған ана. Күйеуімен қоса төрт баласының да туғаннан көзі нашар көреді. Әрқайсысына жеке-жеке күтім қажет. Бұл отбасы 2017 жылы мұқтаж жандар ретінде мемлекеттен пәтер алған. Үй кілтін сол кездегі Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өзі табыстапты. Енді арада бес жыл өткеннен кейін әкімдіктегілер тегін берген пәтерінен қуып жатыр дейді. 

Александра Вострецова, Талдықорған тұрғыны:

- Ақшамыздың бәрі балалардың еміне кетеді. Егер біз үйімізден айырылып қалатын болсақ, күн көре алмаймыз. Күйеуім мүгедек, 46 мың теңге алады. Бұл ақшамен пәтер жалдап тұра алмаймыз.

Отағасы Андрей Вострецов үй кілтін алған бойда құжат реттемек болған. Алайда кедергілерге тап болып, заңдастыра алмай отырмын дейді.

Андрей Вострецов, үшінші топтағы мүгедек:

- Үйді жекешелендіру құқығымен берген болатын. Қала әкімі де, облыс әкімі де бес жыл тұрғаннан кейін құжат аласыздар деді. Енді қазір осы үйде заңсыз тұрып жатырсыздар деп, баспанадан шығармақшы. Кезекке 2-ші топтағы мүгедек ретінде тұрғанмын. Үй алған кезде 3-ші топқа ауыстым. Әкімдіктегілер бұл үйлердің тек 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерге ғана берілетінін айтып, құжатты заңдастырып беруден бас тартып отыр.

Сол жылы Андрейдің туған әпкесі Оксана Вострецова да баспаналы болған. Алайда екі баланы жалғыз өсіріп отырған Оксана кезекке тұрған кезде де, үйді алған кезде де 2-ші топтағы мүгедек болдым дейді.

Оксана Вострецова, екінші топтағы мүгедек:

- Мен кезекке 2-ші топтағы мүгедек ретінде тұрдым. 14 жылдан кейін маған үй берілді. Қазір енді осы үйімізден шықсын деп жатыр. Менің екі балам бар. Біреуі мүгедек. Қазір не істерімізді білмей отырмыз.

Әкімдіктегілер әріптестерінің жіберген қателігін жасырмады. Талдықорған қаласында мыңнан аса пәтердің заңбұзушылықпен берілгенін мойындап отыр. Солардың ішіне Вострецовтар отбасы да кіріп кеткен.

Айдос Жақыпбек, Талдықорған тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Жалпы Талдықорған қаласында 2015-2020 жыл арасында кейбір заңнаманы бұзумен пәтерлер берілген. Осыған орай 2021-22-ші жылдары инвентаризация жасап, осындай үйлердің бар екенін анықтап, мыңнан аса пәтерге хабарлама берген болатынбыз. Біздің мақсатымыз біреуді үйден қуып жіберу, тартып алу емес, үйді заңдастырып беру. Олардың ішінде Вострецовтар әулеті де бар.

Біздің мақсатымыз құжатты заңдастырып беру дейді атқамінерлер. Бірақ ол үшін сот шешімі қажет екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде