{metadescription}
Елімізде қағаз ақша қолданыстан шыға бастапты
Елімізде қағаз ақша қолданыстан шыға бастапты

Елімізде қағаз ақша қолданыстан шыға бастапты

Елімізде қағаз ақша қолданыстан шыға бастады. Осыдан бес-алты жыл бұрын тұрғындардың 90 пайызы ақшаны қолма-қол ұстайтын. Ал қазір халықтың тек 18 пайызы банк картасынан шешіп алады екен.

Осылайша қағаз ақша қалып, төлем қартасы трендке айналып барады. Ал бұл экономиканың дамуына оң әсер етеді  дейді қаржыгерлер.  

Биыл тұрғындар төлем картасымен 16 триллион теңге жұмсаған. Статистика деректеріне жүгінсек, соңғы бес жылда қағаз ақша ұстайтындардың саны күрт төмендеген. Мәселен, бұрын халық саны көп Алматы, Астана, Шымкент қалаларында триллиондаған қағаз ақша айналымда болыпты. Ал қазір бұл көрсеткіш 80 пайызға қысқарған. Қаржыгерлер бұған пандемия себеп болды дейді. Індет кезінде халықтың онлайн саудасы цифрлы экономиканың дамуына серпін берген. Қағаз ақшаға сұраныстың жоғалуынан банкоматтар саны да азая бастаған. Қолма-қол ақшаның орнын онлайн төлем басса, экономиканың дамуына оң әсер етеді дейді қаржыгерлер.                                                      

Зита Кенжеғалиева, қаржы сарапшысы:

Экономиканың ашықтығын көрсетеді. Ол көлеңкелі экономиканың азаюына әкеледі. Салық төлемінің көбеюіне әкеледі. Себебі: салықтың көбеюі халыққа да, мемлекетке де тиімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде