{metadescription}
Өлтірілген алматылық дәрігердің сотында таксиші ағынан жарылды
Өлтірілген алматылық дәрігердің сотында таксиші ағынан жарылды

Өлтірілген алматылық дәрігердің сотында таксиші ағынан жарылды

«Мені де өлтіре ме деп қорықтым». Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың ісі бойынша сотта такси жүргізушісі өз оқиғасын баяндады. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті рұқсатсыз көлігіне отырып, мылтық кезеп, жүруін талап еткен. Кейін телефонын тартып алып, емханаға бірнеше рет хабарласыпты. Сөз арасында дәрігерді атып өлтіргенін айтып мақтанған. 

Дидар Қырықбаев, жәбірленуші:

- Отырған кезде маған айтқан жоқ. Жолда «врачты атып тастадым» деді. Қорқып кеттім,  мені де атып тастамасын деп. Екіүш рет емханаға телефон шалды. Бірақ нақты не айтып жатқаны есімде жоқ, қорыққаннан, шыны керек. «Жүр» деген жолмен жүріп келе жаттым. «Айтқанымды істесең, саған ештеңе болмайды»- деді.

Биыл сәуір айының басында Алматыда емделуші өз дәрігерін аңшы қаруынан атып өлтірген болатын. Қанды қылмыс таңғы уақытта көлік тұрағында болған. Юрий Шумковты атқан соң, артынша жол бойында тұрған көлікке мылтығымен мініп, оқиға орнынан ізін суытады. Полицейлер оны бір сағатқа жетпей ұстады. Атышулы іс бойынша сот әлі жүріп жатыр. Бүгін такси жүргізушісі мен 35 жастағы күдіктіні ұстаған полиция қызметкерінен жауап алынды. Осыған дейін күдіктінің анасы алғаш рет біздің арна арқылы мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, ұлының іш құрылысын тексеру үшін зонд кіргізгенде дәрігер шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан нәр тата алмай қалған жігіттің жағдайы күрт нашарлап, екі айда салмағы 95-тен 64 келіге бір-ақ түскен. Шумков кінәсін мойындамай маңайлатпаған соң, ашынған ұлы ақыры осындай қылмысқа барыпты. Бірақ Шумков жұмыс істеген клиниканың қызметкерлері дәрігер мен емделуші арасында еш кикілжің болмады деді. Жақындарының айтуынша, күдіктінің денсаулығы тергеу изоляторында күрт нашарлаған. Ауру асқынған соң, өздігімен жүруден қалған. Бүгінгі сот отырысына төсекте жатып онлайн қосылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.