{metadescription}
Жауында шатырды ашып, көпқабатты үйді жарықсыз, жылусыз қалдырған
Жауында шатырды ашып, көпқабатты үйді жарықсыз, жылусыз қалдырған

Жауында шатырды ашып, көпқабатты үйді жарықсыз, жылусыз қалдырған

Артық қыламын деп тыртық қылды. Шымкентте көпқабатты үйдің тұрғындары суықта жарық пен жылудан қағылды. Жетімдер мен келешегі жоқ ауылдан көшіп келгендерге берілген жалдамалы пәтерлердің шатырын ауыстырмақ болған. Жұмысқа жауапты мердігер тап жаңбыр басталғанда төбе жабындысын ашып, төбеден су өткен.

Бірнеше сағатқа созылған нөсерден баспанасы малмандай су болып, электр желісіне де зақым келген. Басқа барар жері жоқ тұрғындар жарық пен жылусыз, су басқан баспанасында дірдектеп отыр. Тоғыз қабатты үйдің шатырын кеше ашып тастаған. Онсыз да жауын жауса су сорғалайтын үйдің тұрғындары шенеуніктерге жалынып жүріп төбе жабындысын ауыстырып беруді сұраған. Содан бірер күн бұрын пайда болған жұмысшылар дәл жауын басталған сәтте шатырды ашып тастапты. Артынша нөсер жауып, пәтерлері малмандай су болған.

Ұлықбек Тәжіманов, Шымкент тұрғыны:

- Жаңбыр жауатыны мәлім болды. Интернет көрсетіп тұр, олар соны тыңдамай шатырды ашқан. 20 адам алыстық. Осы жердегі екі үйдің 20 еркегі алысып жүріп, бір жарым сағаттай жұмыс істедік. Төртбес сағат қалды, жаңбыр астында. Бірден өткен жоқ. Мына жерге жиналған су әлі ағып жатыр.

Төбеде жиналған су төмендегі пәтерлерге кірген. Тіпті кейбірінің қабырғалары үгітіліп, дүние-мүлкі бүлінген.

Руслан Жоев, Шымкент тұрғыны:

- Мен өзім жөндеумен айналысамын. Алты ай сайын мынаны жаңартамын. Жалықтым. Міне, қараңыз! Мынау не?! Бәрі шіріп жатыр. Жарық жоқ. Күйіп кетті. Кеше атылып, жарылыс болды. Балашағамды үйден шығарып жібердім. Қазір олар қайын жұртымды. Мынадан қорқамын. Еденіміз көтеріліп жатыр. Мынаны қараңыз, шіріп жатыр. Бәрін дақ басты. 

Су өткен соң, 108 отбасы тұратын  үйдің жарығы сөніп, артынша жылу тоқтаған. Мамандар электр желісі құрғамайынша, жарық берілмейді депті. Түні бойы тоңып шыққан жұрт қайда барарын білмей дал.

Рабила Жалилова, Шымкент тұрғыны:

- Бұл жерде жарық есептегіш құралының арты бәрі су. Екінші подъезде еден жуып жатқан кезде тоқ ұрыпты. Бізді тоқ ұрып жатыр деген соң, апат қызметін шақырып, жарықты өшірдік. Жылыу насоспен жылиды. Насос та өшті. Қазір үйде жарық та, жылу да жоқ. Отырмыз енді. Бәрінің үйінде кішкентай бала бар.

Ал жабынды ауыстыруға тапсырыс берген шенеуніктер шаш ал десе, бас алған мердігерге өкпелі. Сондықтан бүгіннен қалдырмай төбесін жауып, жауыннан бүлінген пәтерлерді жөндеп беруге мәжбүрлейміз деп ақталды.

Оспан Әбиев, Шымкент тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары:

- Пәтерге кірген, яғни зақымданған жерге акті жасап, қалпына келтіріледі. Шатырды жауып бітірген соң, мердігер мекеме тарапынан. Барлық шығын, шығын болғанда, анықталған кемшіліктер қалпына келтіріледі.

Төбе жабынын ауыстыруға 8 жарым миллион теңгеге тапсырыс алған мердігер жаңа шатырға бір жыл кепіл беруге тиіс. Алайда тұрғындар күн бұзылмай тұрғанда, тезірек жылу мен жарық берілсе деп тілейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде