Екібастұздағы науқастар мен жүкті әйелдер Павлодарға көшіріліп жатыр
Жексенбіден бері жылуға жарымай отырған Екібастұздың перзентханасынан жүкті әйелдер шұғыл түрде Павлодарға жіберіліп жатыр. Көшірілгендер арасында ауыр науқастар да бар. Қазір қаладағы барлық медициналық ұйым бақылауда дейді денсаулық сақтау министрі.
Автор: Әзиза Төленби
02.12.2022
Ауруханадағы жылу да қалпына келтірілген. Ондағы науқастардың жағдайын әр екі-үш сағат сайын бақылап отырмыз дейді министр Ажар Ғиният. Осы күндері суық өтіп салқын тиген адам болмапты. Қала тұрғындарына барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр, дәрі-дәрмек жеткілікті.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Ал тиісті жағдай жасалған ауруханаларда бар науқас емделіп жатыр. Дәрідәрмек жеткілікті. Министрлік ондағы денсаулық сақтау нысандарына қатысты жағдайды қадағалап отыр. Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі арқылы да көмек көрсетіледі. Босанатын әйелдер бірден Павлодарға жіберіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!