Елдегі бүкіл жылу электр орталықтары тексеріле бастады
Екібастұздағы апаттан кейін еліміздің барлық жылу электр орталығы тексеріле бастады. Арнайы құрылған комиссия алдымен Абай облысына келді. Олар Семейдегі жылу жүйесін тексеріп, он күннен кейін қорытынды байламын шығарады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
02.12.2022
Арнайы комиссия құрамында Бас прокуратура, антикор мен басқа да құзырлы орган өкілдері бар. Оларды Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Тимур Сүлейменов бастап келген. Комиссия қаладағы №1 жылу орталығы мен жекелеген қазандықтардың жағдайын бағалап жүр. Бәрі коммуналдық меншікте. Аталған нысандардың басты проблемасы – 60 пайыз тозған құрылғы. Жағылатын көмір сапасына да сын айтылды. Сондықтан Қаражыра кенішінен облыстағы барлық жылу орталықтарына сапалы отын жеткізу тапсырылды. «Қазақстан темір жолы» компаниясы көмірді уақтылы жеткізуде вагон сайлауы қажет.
Ал энергетиктер электр энергиясының үздіксіз берілуіне жауапты. Комиссиядағылар орталық жұмысына жіті бақылау керектігін айтса да, ескірген құрылғылармен алысқа бара алмайтынын мойындайды.
Тимур Сүлейменов, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:
- Жаңа жылу беру көздері қажет. Кешенді шешім шығарып, жаңа жылу орталығы керек деп ойлаймын. Тіпті екеу. Әрине, бұл мәселе тез шешілмейді. Бірнеше жыл қажет. Оған дейін қолда бар орталықтардың жұмысы дұрыс жүргізілгені маңызды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!